Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адам шаршаудан ләззат таба білу керек

01.03.2022, 12:40 753

HALYQLINE.KZ Істеп таусылмайтын жұмыс, айтылып бітпейтін әңгіме, еріп тоқтамайтын өсек, қанып болмайтын ұйқы, жылап таусылмайтын көз жас… бәрі-бәрі сіздерді шаршатып жүр ме?

Иә, кімді шаршатпаған бұл өмір, бір күн күліп, бір күн жылап өте шығады, өмір бір қарасаң, ұзақ таусылып бітпейтін сияқты, енді бір қарасаң, балтаның сабындай ғана қысқа ғана екенін, тек өткінші екенін, біз тек қана бұл өмірге келген қонақ екенімізді байқаймыз.

Шаршау аурудың алдында, бақытсыздықтың алдында, пәле-қазаның алдында түкке де тұрмайды. Қайта сол шаршаудан ләззат таба білу керек, өйткені бұл өмірге жанталасу үшін келгенбіз, малдасты құрып қойып, шәйді сораптап кешке дейін ішу емес мақсатымыз. Өйткені бізге өмір керек, өмір несімен керек?

Әрине, рақатымен, ләзатымен, бақытымен керек! Әрқашанда шаршаудан қорықпаңыз, ол – сіздің құлшынып жатқаныңыздың айғағы, сөзсіз одан нәтиже шығады. Шықпаса сабақ аласыз, өмірдің ащысы мен тәттісі қатар келеді ғой, бір адамға оң жағын, бір адамға сол жағын көрсетпейді. Сіз ғана емес, дүниедегі адамның барлығы шаршайды, шаршадым деп жан-жағыңызға лаң салмаңыз, елге кінә артпаңыз, жақыныңызға қатты сөз айтпаңыз, өмір бәріне қиын, бәрі жанталасып жатыр. Шаршай жүріп өмірдің ләзатын таба білу – өз қолыңызда!

Қанай ЖҰМАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 4-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: