Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2000-нан аса бос жұмыс орны ұсынылады

04.07.2021, 12:00 557

HALYQLINE.KZ 2 шілдеден бастау алған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» әлі де жалғасуда. Жәрмеңкеге қызылордалық жастармен қатар, қала тұрғындары қажетті мәліметтерін алып, жұмысқа орналасудың жолдарын қарастыруда.

2 шілде күні жәрмеңкеге жұмыс іздеген 50-ге жуық азамат қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұқбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды.

Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге жұмыс беруші тарапынан 2000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынылды. Оның 39-і мамандық бойынша жарияланса, 1965-і жұмысшы ретінде қабылданбақ.

Қуантарлығы сол, бүгінгі жәрмеңкеде талай жас маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Енді тек бел шешіп, білек сыбана іске кірісу керек.

Еске салсақ, бүгінгі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» жергілікті уақытпен 15:00-ге дейін жалғасатын болады.

КЕЛ! ТАҢДА! ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАС!

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: