Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдер неге жаппай пара алып жатыр?

27.01.2020, 16:36 481

Түркістан және Алматы облыстарында ауыл әкімдерінің пара алу күдігіне ілінгені туралы хабар тарады. Қаңтар айының өзінде еліміздің бірқатар өңірінде аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастап үлгерген.

Түркістан облысында Кентау қаласы Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Муслимов Хасан Әлиханұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оған жер телімінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Бұған дейін келісілген пара сомасы 4 миллион 150 мың теңге болған екен. Ведомсто мәліметінше, 2015 жылдың 4 желтоқсанынан бері басшылық лауазымда болған 61 жастағы әкім өз кінәсін мойындапты.

Сонымен бірге Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғалары күдікке ілінгені хабарланды. Құзырлы орган олардың Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер телімін шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ал Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі шипажай, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер телімін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр. 24 қаңтарда күдіктіге қатысты қамауда ұстау шарасы санкцияланды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: