Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

172 лауазым иесіне әкімшілік хаттама толтырылды

05.11.2020, 12:00 474

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция саласының қызметкерлерімен облыс бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен онда орналасқан жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жай-күйіне 976 рет тексеру жүргізіліп, 23974 шақырым жол қамтылды.

Автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында анықталған кемшіліктерге барлығы 1195 нұсқама беріліп, 172 лауазым иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Департамент тарапынан автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында жол инфрақұрылымдарын жақсарту мен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға барлығы 210 хабарлама-ұсыныс жолданды.

Жолданған ұсыныстар негізінде, соңғы 3 жыл көлемінде облыс бойынша жаңадан 11 бағдаршам нысаны орнатылды.

Ағымдағы жылы жол инфрақұрылымдарды жақсарту мақсатында, 490 шақырым автомобиль жолдары жөнделсе, 106 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолы, 70 автобус аялдамасы, жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын жасанды жарық жүйелері салынды.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру бағытында 22 орында күн сәулесінен қуат алатын диодты жарығы бар «Белсенді» жол белгілері, 25 жерге көліктердің жылдамдығын мәжбүрлеп азайтуға арналған жасанды тегіс-еместік қондырғылар, сонымен қатар 8 жерге пандустармен жабдықталған жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің алдында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс орталығында 15 мектеп алдында «Балалар» және «Ең жоғары жылдамдықты 40 шақырымға дейін шектеу» жол белгілерінің үлкен көлемді «Ақпараттық стендтері», 10 мектеп алдында «Оқушы балалардың фотосы бейнеленген» макеттер қондырылды.

«Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар автомобиль жолында жүргізілген кешенді тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша, жалпы ұзындығы 57 шақырымды құрайтын автомобиль жолына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылуға берілді.

Жалпы, облыс бойынша автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында барлығы 654 дана жол белгісі қайта қалпына келтіріліп, 355 мың 747 шаршы метр жол таңбалары сызылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: