Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

100-ден аса ассенизатор автокөлігіне әкімшілік хаттама толтырылды

19.04.2022, 17:20 543

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында экологиялық ахуалға кері әсерін тигізетін ассенизатор қызметтерінің заңсыз әрекеттері тұрғындар арасында қызу талқыға түсіп, наразылық білдіріп жатыр.

Қызылорда қаласының полиция басқармасы тарапынан ассенизатор автокөліктері бойынша күнделікті жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері ассенизатор автокөліктерінің кәріз су қалдықтарын төккені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-2 (ортақ пайдаланатын жерлерді ластау) 1-бөлігімен – 47 автокөлік иесіне (әр қайсысына 5 АЕК, яғни 15315 теңге айыппұл салынды), осы әрекетті бір жыл ішінде қайталағаны үшін 2-бөлігімен – 10 автокөлік иесіне (әр қайсысына 10 АЕК, яғни 30630 теңге айыппұл салынды), автокөлікті басқару барысында ластау әрекетін жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабымен – 22 автокөлік иесіне (әр қайсысына 3 АЕК, яғни 9189 теңге айыппұл салынды) әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.

Одан бөлек ассенизатор автокөліктерімен жол ережесін бұзғаны үшін 64 әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 12 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар белгіленбеген жерге кәріз су төккендері үшін шара қолдану мақсатында Қызылорда қаласының әкімшілігіне – 1, экология департаментіне – 4 және Қызылорла қалалық су жүйесі мекемесіне – 11 ұсыныс жолданды.

«Ассенизатор автокөліктерінің белгіленбеген жерлерге кәріз су қалдықтарын төктірмеу бағытында департамент бастығының қатаң бақылауына тұрғандығын және күнделікті бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады», – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: