Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаңбыр жауса, көшеге екі аяқкиіммен шығамыз»

27.07.2020, 15:20 374 1

HALYQLINE.KZ

Көрнекі сурет

Біз Президент паркінің алдындағы саяжайда тұрамыз. Ол жақта не маршрут, не жол, не су, не газ да жоқ. Соны келіп комиссия мүшелері көрсе дейміз. Қанша халық әппақ шаңның ортасында су тасып күн көріп жүр.

Былтыр су кіргіземіз деп әр жерді қазып кеткен. Содан лаждап жүрген жолымыздан да айырылып қалдық. Жүргізген суы жоқ. Шамалы жаңбыр жауса, көшеге екі аяқкиіммен шығамыз.

Толқын ЖҮСІПБЕКОВА,

Бір топ саяжай тұрғындарының атынан

Пікірлер:
  • Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысымен тұрғындар тарапынан көгілдір отын, жол, ауыз су және жарық мәселесі көтеріліп келген «Сабалақ», «Эдельвейс», «Орбита», «Арай», «Болашақ» саяжайлар кешендері Бас жоспарға түзетулер енгізу жобасы бойынша қаланың құрамына енгізілген болатын.
    Осылайша, жол, ауыз су және жарық мәселелерін, яғни аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға тиісті мүмкіндік туып отыр және аталған жұмыстар кезең кезеңімен тиісті қаржының бөлінуіне қарай жүзеге асырылуда. Мәселен, «Эдельвейс» саяжайындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында малта тасты жол құрылысы, ауыз су және электр жүйесін жүргізу мақсатында жоба іздестіру жұмыстары жүргізілді. Келесі, жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджетке өтінім ұсынылды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін назарыңызға саламыз. Осы бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі қала әкімінің қатаң бақылауында екендігін жеткіземіз.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: