Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда Ресей губерниясы ма?!

15.02.2021, 12:00 699

ҚЫЗЫЛОРДА Ресей губерниясы ма әлде Қазақстан аймағы ма?!

HALYQLINE.KZ Бүгін таңертең бір басында үш аты бар көшемен, яғни Абай даңғылының Панфил… көшесі қиылысынан Елбасы атындағы даңғылдың Бөкейхан көшесі қиылысына дейін жүріп өттім. Осы кішкене аралықта тек ғана орыс тілінде жазылған үш жарнаманы және көше атауының жыртылып тұрған бір нұсқасын байқадым. Бірінші жарнамада онымен қоймай мекенжайын, тіпті сонау 90 жылдардан қалып қойған «Западный» атауымен жазып қойған.

Менімше, бұл үлкен бильборд қалалық мекемеге қарасты болуы керек. Ішінде бір ауыз мемлекеттік тілде аудармасы жоқ жарнамаға қалай рұқсат берілген? Мен түсінбеймін, қалай шамамен 99, 99… проценті қазақ тілінде сөйлейтін аймақта тек ғана ресей тілінде жазып, қазақ тілінде жазбай қоюға болады?!

Әншейінде, камерадан кішкентай темекі тұқылын тастағанын немесе автокөліктің жанбай қалған фарын көріп қалып, оны қауіпті қылмыскерді қуғандай қуып ұстап алып, айыппұл салуға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Ал қазақ тілін жарнамаға қостыруға келгенде дәрменсіз бола қаламыз…

Талғат НАУРЫЗБАЕВ,

қала тұрғыны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: