Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала тәрбиесіндегі 10 қателік қайсы?

16.05.2021, 16:00 2183

HALYQLINE.KZ Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселесі назардан тыс қалмаған. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне ерекше көңіл бөлген. Назарларыңызға бүгінде ата-аналар жиі жіберетін 10 қателікті ұсынамыз.

  1. Қорқыту

Баланы айыптау, ұялту, қорқыту ертеңгі күні баланың үнемі өз ісіне ұялып, өзіне деген сенімсіздігіне алып келеді.

  1. Нақтылық пен бір бағытты ұстанбау

Тыйымды күнде өзгерте бермеңіз. Мысалы, анасы тәтті жемеуді ескертіп, ал әкесі дүкеннен қорабымен әкеліп берсе, бала екеуіне де сенімін жоғалтады.

  1. Көңіл-күйдің құрбаны ету

Бала да сезімсіз жан емес. Ештеңе бүлдірмей тыныш жүрген баланы бір күн еркелетіп, ертеңінде себепсіз айқайлау, баланың болашағын қолдан құрту екенін ұмытпаңыз.

  1. Шектен тыс қадағалау

Үнемі бақылауда жүрген баланың өзіне деген сенімділігі болмайды. Тіпті, өз бетімен бір нәрсе істеуге де ынтасы болмайды.

  1. Үнемі артық талап қою

Баланы әрбір әрекеті үшін, үлкен болсын, кіші болсын жазалай берсеңіз, нәтижесінде сізді тыңдамайтын қыңыр болып шығады. Балалар да өз пікірі бар екенін дәлелдеу үшін үлкендермен қарсыласады.

  1. Махаббатқа бөлемеу

Балаға ата-ананың жылы құшағы мен мейірімі ауадай қажет. Балаңызды құшақтап, сүюден қашпаңыз. Тек әсіре сілтеп, қатты еркелетіп жібермеңіз. Бала өзінің ең сүйікті екеніне сеніп өсуі керек.

  1. Ойыншықпен алдарқату

Баланың қажетін қамтамасыз етіп, алдына ойыншық толтырып қойып баланың қиялын шектемеңіз. Ананың махаббатын ешқандай да ойыншық алмастыра алмайды. Жансыз зат емес, жылы мейірім беріңіз.

  1. Дәлелсіз сөйлеу

Балаға тыйым салғанда оның неге болмайтынын түсіндіріп, нақты дәлелдер келтіріңіз. Өзіңіз оны білмесеңіз, бала қолын бір-ақ сілтеп, сізге көрсетпей ісін жалғасытра береді.

9. Толық уақыт бөлмеу

Балалар үшін сізбен бірге ойнау, уақыт өткізу өте маңызды. Бала үнемі бала болып жүрмейді, ертең-ақ өсіп кетеді. Сондықтан үнемі балаңызға уақыт бөліңіз.

  1. Көр нәрсе күту

Бала сіз орындай алмағанды орындап, жете алмаған жетістікке жетуге міндетті емес. Ол да жеке тұлға. Сондықтан балаңыздың жеке пікірін құрметтеу маңызды.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: