Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастарға арналған үздік идеялар мен жобалар байқауы басталды

13.12.2022, 15:10 475

HALYQLINE.KZ Елімізде жастарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауы басталды. «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» акциясы аясында бастау алған байқауда әрбір жас азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын білдіре алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Әділдік жолы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева баяндады.

Өтінімдер info@adildik.kz электронды мекенжайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

– Озық идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады. Әділетті Қазақстан үшін таңдау жасадық. Енді жастардың бұл арманға жетуіне нақты мүмкіндік бар. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге өз үлесін қоса алады, – деді Ляззат Шайзадақызы.

Айта кетейік, байқау ережелерін adildik.kz сайтынан біле аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: