Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастарда қозғалыс күші бар

01.02.2023, 17:15 213

HALYQLINE.KZ Баспасөз орталығында өткен брифингте «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Алиби Басаров Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бүгінде «Qosyl» қалалық жастар орталығы күміс сапаға лайықты жүйелі жұмыстарды жүргізуде.

Мәселен, өткен жылы орталықтың ұйымдастыруымен 143 іс-шаралар өткізіліп, оған 10 000 жас қамтылған. Жастардың сұранысына орай жабдықталған орталықтың қызметін 11 071 жас пайдаланды. Яғни, орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде. Өткен жылы орталықпен ұйымдастырылған ауқымды шаралардың бірі, қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы арқылы кәсіптік техникалық бағыттарда қызмет ететін саланың көшбасшылары анықталды.

Сонымен қатар, Қазақстандағы мобилографияның негізін қалаушылардың бірі Қыран Талапбектің қатысуымен Қызылорда облысында алғаш рет «Мобилография» фестивалі ұйымдастырылды. Шара нәтижесінде қаладағы жас мобилографтардың ортасы қалыптасты.

– Біз ауыл жастарының дамуына септесіп, қаланың шет аймақтарынан да жастарға қолжетімді орталықтар (аула клубтар) ашуды жоспарлаған болатынбыз. Бұл алға қойған мақсат орындалды. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қарауылтөбе, Ақсуат, Ақжарма, Қызылжарма, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінен үстел теннисі орталықтары ақысыз негізде жастарға қызмет көрсетсе, «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы аясында желтоқсан айында Тасбөгет кентінде алғашқы аула клубы өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта аула клубтарын Белкөл кенті мен «Шанхай» аудандарынан ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Алиби Төлепбергенұлы.

Сонымен қатар, жазғы маусымда «Арбат» бойында әр аптаның бейсенбі күні – «PING-PONG», жұма күні – «Караоке Battle», сенбі күні – «Кино TIME» жобалары өткізілді. Осы және өзге де қала жастарына қатысты күнделікті ақпараттар мен жаңалықтар «qosylbot» телеграм-бот және «qosyl.mrc» инстаграм парақшасында жариялануда. Ал «Жұмыс бар» деген арнайы парақша арқылы бос жұмыс орындары туралы ақпараттар орналастырылуда. «Qosyl» жастар орталығының тұрақты жобаларына айналған «Qosyl kenes» жобасы арқылы жастарға үздіксіз кеңес берілуде, ал «Qosyl acoustic» жобасы аясында шығармашыл жастардың ән кеші әр ай сайын өткізіліп келеді.

– Күні кеше Журба көшесі №63 мекенжайынан «Orta» рухани-интеллектуалды демалыс орны ашылды. Орталық қазақы нақышта, заманауи үлгідегі жабдықталған бос уақытты тиімді өткізуге және интеллектуалды орта қалыптастыруға арналған кеңістік. Жастар мен жасөспірімдерге арналған орталықта «Орта ойыны» – түрлі үстел ойындары, «IQ орта» интелектуалды сайыстары, «Орта сазы» жанды дауыстағы мерекелік кештер, «Қолайлы орта» кітап бұрышы, мәжіліс залы, «Skills Орта» жобалары және балаларға арналған логопед кабинеті мен тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл орталық алдағы уақытта біздің жобаларды да әрі қарай жандандыру мақсатында мол септігін тигізбек, – деп қорытындылады орталық директоры Алиби Басаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: