Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар саясатына жаңа көзқарас

30.01.2022, 9:15 215

HALYQLINE.KZ  Облыстық жастар қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бүгінде жастар саласында қордаланған мәселе көп. Жастар саясаты саласына үлкен өзгерістер мен жаңа жұмыс механизмдері қажет. Осы ретте, түрлі сала өкілдерінен құралған кеңес жұмысын бастады.

Кеңес құрамында облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдері, әскери патриоттық тәрбие бағыты, жас отбасылар және әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласының, ауыл жастарының өкілдері, ЖОО-ның проректорлары, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіподақ пен партия өкілдері және т.б. түрлі бағыттар бойынша жастар саласына немқұрайлы қарамайтын 30-дан аса азамат бекітілді.

Кеңес мүшелерінің шешімімен облыстық жастар қоғамдық кеңесінің төрағасы болып облыс әкімінің жастар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев сайланды.

Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер мен жастар проблемалары көтеріліп, жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысты сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылып, бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Ашықтық және проблеманы жасырмай, кемшіліктерді мойындап, олармен жұмыс істеу – біздің негізгі позицияларымызды бірі. Осы ретте кеңес жұмысынан үлкен нәтиже күтеміз. 

Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: