Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас сарбаз — мәңгілік ел ұланы

14.12.2022, 10:30 613

Байқоңыр қаласында Жас Сарбаздармен ант қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шарада 75 жас сарбаз ант қабылдап, клуб жетекшілеріне арнайы сертификат пен алғыс хат табысталды.

  • Жас Сарбаз — еліміздің ертеңі, болашақ қорғандарымыз. Бүгіннен бастап, біз әскери-патриоттық тәрбиені қолға алып, келер жастармен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып» қызмет етуіміз керек – деді Жас Сарбаз әскери-патриоттық ҚОФ-ның төрағасы Әкімжан Еркінұлы.

Шара соңында жас сарбаздар көрерменге ән мен жырдан шашу шашып, қонақтармен естелік суретке түсті.

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: