Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жас электрик – 2023» турнирінің жеңімпазы анықталды

05.04.2023, 18:00 299

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жас электрик – 2023» облыстық турнирі өтті. Шараға өңіріміздегі 8 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің студенттері қатысты.

Білім алушылар турнирдің алғашқы кезеңінде мамандыққа байланысты тест тапсырмаларына жауап берді. Мұнан кейін электр жабдықтарын монтаждау, электр тогымен зақымдаған адамға алғашқы көмек көрсету бойынша бақ сынап, қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдылары сынға түсті.  

  • Турнирді өткізудегі мақсат – білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыру.  Облыстық шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Білім ордасында 2000 жылдан бастап «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Қазіргі уақытта бұл мамандық бойынша  300-ден астам студент білім алуда, – деді «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сыдыкова.

Турнирде жеңімпаздарды Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева марапаттап, байқау білім алушылардың шеберлігін шыңдағанын атап өтті.

Жалпыкомандалық есеп бойынша І орынды «Орда» жоғары колледжі, ІІ орынды Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, ІІІ орынды Арал көпсалалы колледжінің командасы иеленді. Сондай-ақ, үздік қатысушылар номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.


      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: