Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас әдебиетшілердің танымдық конференциясы өтті

13.08.2021, 11:30 400

HALYQLINE.KZ  Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекелері қарсаңында «Сыр өңірі жастарының шығармашылығындағы Ұлттық мұрат» атты қызылордалық жас әдебиетшілердің танымдық конференциясын (онлайн) өткізді.

Конференцияда ақын, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағамбетов, әдебиеттанушы-ғалым, Қорқыт ата атындағы ҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, ҚР Білім беру ісінің үздігі, №176 орта мектептің директоры Қадыргүл Шаймағанбетова, айтыскер ақын, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толқын Қабылша және журналист, «Сыр-Медиа» ЖШС директорының орынбасары Дәурен Сейітжанұлы өңірдегі жас әдебиетшілердің қарым-қабілеттері мен мүмкіндіктеріне, жетістіктері мен шығармашылығындағы ерекшеліктерге қатысты мазмұнды баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, конференцияда мектептерде әдебиет пен өнерге құштар оқушылардың қатарын көбейту, әдеби білімі толысқан педагогтарды дайындау идеялары, жас шығармашыл жастарға қолдау мен оларды насихаттауға қатысты мамандары ұсынымдары ортаға салынды.

Конференцияға онлайн бағдарлама арқылы көрермен есебінде Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың ұжымы мен оқырмандары, облыстық мәдениет басқармасына қарасты әдеби үйірмелердің қатысушылары, сонымен қатар, аймақтағы білім беру ұйымдарының жас әдебиетші мұғалімдері, жас қаламгерлер қатысты.

Таным мен тағылымға толы игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: