Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жақаев ізбасарлары» еңбек лагері ашылды

24.10.2022, 14:55 188

25 қазан — Республика күніне орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында «Жақаев ізбасарлары» еңбек лагері жасақталды. Аталған аймақтағы қанат қақты жобаға түрлі сала өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатына Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болат Смағұлов пен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ерлан Сисенбиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова арнайы қатысып, барша қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен бірге, белсенді жастармен бірге дала диқаны Ы.Жақаевтың кесенесіне құран бағыштап, аудан төрінде орналасқан еңбек дарабозының музейіне экскурсия жасап, өміржолымен танысты.

Жастар — қоғамның басты қозғаушы күші. Ұлттық мүдде олардың мәдени және кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, шығармашылығын шыңдап, жеке тұлға ретінде қалыптасуын да көздейді. Сонымен бірге бұл жобаның жалпы азаматтық құндылықтарды дәріптеп, жастарды еңбек пен әрекеттер арқылы тәрбиелеуде де маңызы өте зор.

Іс-шараға әр ауданнан келген 35 белсенді жас егістік даласында еңбекке дағдыланумен қатар, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігіне де етене араласты. Еңбек лагерінің алғашқы күнінде «Серке тарту»,
«Сиыр сауу» секілді ұмыт болған дәстүрлерді қайта жаңғыртып, ұлттық ойындардан да өзара сайысқа түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: