Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар»

23.01.2023, 16:40 518

HALYQLINE.KZ Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті мен Жастар ресурстық орталығы, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының бірлесе ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық акциясы өтті. Іс-шараға жергілікті атқару органдарының өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен «Жас сарбаз» жастар қозғалысының мүшелері, оқушылар мен колледж студенттері қатысты. Шараның алғысөзін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Раушанбекұлы алып, Сыр топырағына келген барша офицерлер мен әскери қонақтарға алдағы жұмыс жоспарына сәттілік тіледі.

🔹Еліміздің бірнеше өңірінде жоспарланған ақпараттық-түсіндірме тобында ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Ғалымжан Қаршығаұлы, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі полковник Қуаныш Зекенұлы, ҚР ҚМ Заң департаментінің өкілі подполковник Полатхан Алдабергенұлы арнайы келіп, жастарды Отан алдындағы әскери парызын өтеуге шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды толыққанды түсіндіру және әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы мол мағлұматтар берді.

🔹 Сонымен қатар әскер саласындағы ақшалай үлес, медициналық және тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскерге шақыру тізіміне тіркеу тәртібі және әскери есеп пен қызметтің заңнамаларының негізгі ережелері де оқушыларға толыққанды түсіндірілді.

🔹 Шара барысында Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты Нұрбек Әкімбекұлы мен Кеңес Одағының 2 мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының 4 курс курсанты Ғалымжан Мирамұлы өздері оқып жүрген әскери оқу орындары жайлы арнайы бейнеролик әзірлеп, оқу орнының қазіргі жетістіктері мен жүйелі жұмысын таныстырды.

Іс-шара соңы әскери-патриоттық ән кешіне ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: