Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық оқушылар Германияға барады

27.08.2022, 11:20 207

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары  Нұрмұхамед Оразбек пен Максим Усольцев Германияда өтетін WRO-2022 халықаралық робототехника сайысына жолдама ұтып алды.

Халықаралық роботтар сайысы аясында Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттықтыру жиыны өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 50-ге жуық жас өрендер  «Жазғы мектеп» жұмысына қатысып, республикалық іріктеуде бақ сынасты. Нәтижесінде«Future Engineers» категориясында қызылордалық Максим мен Нұрмұхамед құрастырған автономды көлік ең үздік деп танылды. 

«Бұл санатта көліктердің кедергілерден өтуі, бағаналарды анықтай отырып , белгілі аумақты жүріп өтуі секілді әрекеттерді орындай алу шеберлігі бағаланды», – дейді жеңімпаздар.

Оқушылардың жетекшісі Серік Мөңкебаев бұл жеңіс оқушыларға үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығын айтады. Қараша айында жеңімпаз команда Германияның Дортмунд қаласында өтетін Қазақстан құрама сапында әлемдік додада ел намысын қорғап, тәжірибе жинақтап келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: