Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр жастары көш басында келеді

15.12.2022, 16:00 203

HALYQLINE.KZ Елордада «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жылдың ең үздік студенттерін анықтауға арналған жарысқа облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары қатысты. Ал Қызылорда облысы бойынша 10 студент бақ сынап, алғаш рет 7 қатысушымыз үздіктер қатарынан көрінді.

Қазалы аграрлы-технкалық колледжі – Ақжолов Рамазан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Жақсылық Ақбөпе;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Мамзада Аружан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Мустафаева Гүлжан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Өмірзақ Дидар;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Серикова Аяжан;

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі – Өсербай Мади.

Республикалық конкурс талантты жастарды, жұмысшы біліктіліктерін және білім, дағды мен дарын арқасында жетістікке жеткен техникалық және кәсіптік​ білім беру ұйымдарының үздік студенттерін қолдау мақсатында өткізіледі. Жоба жеңімпаздары еліміздің ірі кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Барша жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз! Сыр жастарының әркез мерейі үстем болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: