Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірі бір белесті бағындырды

17.02.2021, 18:00 405

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Өңір басшысы өткен жылды қорытындылап, 2021 жылға жоспарлар туралы айтты. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Аймағымыздың барлық аудандары онлайн жүйеде қатысып, облыс көлемінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп пен алдағы жоспарлар таныстырылды.

Облысымыздың барлық салалары бойынша өңірдің cалыстырмалы көрсеткіштерінде статистикалық өсімдердің бар екендігі көңіл қуантады. Пандемиялық жағдайларға байланысты ішкі экономиканың тұралағаны, кіші кәсіпкерлік субьетілернің осындай сәтте жергілікті бюджеттен тиісті көмектер алғандығы, салықтық төлемдерден босатылғандығы, уақытылы қабылданған шешімдер мен қолдаулардың айқын дәлелі. Осы тұста Гүлшара Наушақызының білікті басшы екендігін айта кеткеніміз жөн.

Сонымен қатар, өңір экономикасын дамытудың бірден бір тетігі, ол агроөнеркәсіп саласын дамыту екендігі айтылып, шаруашылық иелерінің тарапынан қойылған сұрақтар мен мәселелер күн тәртібінде өзінің назарында болатындығын жеткізді.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыс инфрақұрылымы қарқынды дамып жаңа авто жолдар, көпірлер құрылысына маусымдық жұмыс орындарының құрылуы, жұмыссыздық мәселесінің тұрақты бақылауда екендігі көрсетеді.

Шиелі ауданында жастар игілігі үшін жастар үйінің болатындығы және Қармақшы ауданында 2015 жылдан бері жоспарланып бірақ жүзеге асырылмай келген балалардың жазғы тынығу лагерінің бой көтеретіндігі мен үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Аталмыш жылда жастарға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар қаралатындығыда қуантады.

Күн тәртібіндегі салалар бойынша есептер ұсынылып, халықтың ұсыныс-пікірлері сұрақтары тыңдалды, жауап берілді. Сөз соңында облыс басшысы «Облысымызда мәселе жоқ дей алмаймыз және барлығын бір сәтте шеше алмаймыз, рет-ретімен бюджет қаражатынан немесе инвесторларды тарта отырып шешіледі» – деді. Әрине, Сыр өңірінің осы жылы да тиісті көрсеткіштер мен жоспарлы жетістіктерге жетуі үшін барлық салалар, мамандар, тұрғындар, халық бір болып қызмет жасауы керек деп білемін.

Медет ЖОРАБЕК,

кеңесші,

«Qosyl» қалалық Жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: