Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр елі» бірінші лига: «Энер GOOD» – жеңімпаз

25.11.2020, 12:25 394 0

HALYQLINE.KZ

Сүйікті қаламыз Қызылорда қаласының туған күні қарсаңында 2020 жылдың 24 қарашасында республикалық «СЫР ЕЛІ» бірінші лига жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті. Қызылорда ЖАЙДАРМАН филиалының ұйымдастыруымен өткізілген бұл сайысқа жыл басында 30-ға жуық команда қатысуға ұсыныс білдіріп, қыркүйек-қазан айларында ширек және жартылай финалдық сайыстары өткізіліп, үздік деп танылған 9 команда ақтық мәреге жолдама алған болатын.

Үш кезеңді қамтыған ақтық мәреде арнайы алғыспен (қорытынды ұпайымен) төмендегі құрамалар марапатталды:

  • Алматы қаласы. С.Демирел университеті «SDU құрамасы» (9,7 ұпай);
  • Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі «ЖАТК құрамасы» (10,1 ұпай);
  • И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі «Арбаттың бойы» (10,2 ұпай);
  • Нұр-Сұлтан қаласы. ЕҰУ. «Дастан» командасы (11,3 ұпай);
  • Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «АЙ 92» командасы (11,4 ұпай);
  • ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД-нің құрамасы «Құтқарушылар» командасы (12,4 ұпай);

ІІІ ОРЫН – БҚО Ақсай қаласы «Квартал Ақсай» командасы (12,7 ұпай);

ІІ ОРЫН – БҚО Орал қаласы «Талант» командасы (13,7 ұпай);

ЧЕМПИОН – Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі «Энер GOOD» командасы (14 ұпай).

Биыл жалпы әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әсерінен көптеген салалар тұралап қалды. Жайдарман да көрерменімен қауыша алмай қалды. Сахнаның сәнін командалар келтіргенмен, Жайдарманның жарасымы көрермендермен екеніне тағы бір көзіміз жетті. Зал толы ойындар мен қалыпты өмір салтына тезірек ораламыз деп сенеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулыққа дұрыс қарап, сақтанып жүруге шақырамыз!

Бекен Жамбылов,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: