Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр айбындары» халықаралық жиынға қатысады

15.06.2023, 16:12 223

Бүгін IX «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында аймағымыздың намысын қорғайтын «Сыр айбыны» жастар командасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шарада Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов сөз сөйлеп,халықаралық жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Жакипов, облыстық білім басқармасының «Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы» директорының міндетін атқарушы
А.Молдабайұлы жас сарбаздықтарғашынайы лебіздерін білдірді.

Іс-шара соңында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының» төрағасы М.Ршауов барлық қатысушыларға ақ батасын берді.

2023 жылғы 17-23 маусым аралығында Қарағанды облысы, Спасск қаласында өтетін халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына аудандық, қалалық және облыстық іріктеу турларында үздік нәтиже көрсеткен 15 жастан (10 ер бала, 5 қыз бала) құралған команда қатысады.

Айта кету керек, облыста жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында кешенді шаралар қабылданып келеді. Аймақ басшысының қолдауымен жыл сайын бюджеттен арнайы қаржы қарастыра отырып, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге мүмкіндік жасалуда.

Сондай-ақ, бұл бағытта бірлескен облыстық жоспар бекітіліп, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында түрлі форматтағы шаралар өткізіліп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: