Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сен кімсің, бағытың не?

25.05.2021, 15:30 718

HALYQLINE.KZ  Осыдан 3 жыл бұрын қазақша контентті көтереміз деп шешім қабылданғанын баршамыз білеміз. Себебі, орыстілді вайнерлер, YouTubeерлер заманы дүркіреп тұрды. Ол кезде орыстілді вайнерлерді ұнатпадық. Неге? Себебі, орыс тілде болғаны үшін. Қазір мен ойымды өзгерттім. Бірінші себеп орыстілді блогерлер әр нәрсені жарнамаламайды, гив ұйымдастырмайды, контенттерін құнсыздандырмайды. Керісінше өз аудиторияларына пайдалы сапалы контент сыйлайды. Қазіргі қазақша контент конкурстың, понттың символы болып кетті. Әрине, бәрі емес. Еңбек етіп, вайн, кино түсіріп, өз еңбектерімен көтеріліп жатқандар да бар.

Дегенмен де көбіне «Сен кімсің, бағытың не?» деген сұрақ қойғым кеп тұрады. Және сол белгілі бағыты жоқтар конкурстың арқасында аудиториясын ұстап тұрғандар инстаграмнан барынша ақша жасап алу үшін неше түрлі алаяқ сайттарды жарнамалап жүр. Қысқасы, бір блогерді алайық, историясында белгілі бір ойын сайтына жарнама жасалып, сілтеме қалдырады. Сол сайтқа кіріп, «белгілі бір сомманы сал да тіркел» дейді. Жарайды, ақшаны салдыңыз, тіркелдіңіз дейік. Бірақ ол қандай ойын? Онлайн казино – вулкан. Басқа мемлекеттерде бұл ойынды жарнамалауға тыйым салынған және заң жүзінде қарастырылған. Орыстілді ортада алаңсыз сенімінен айырылған вулкан енді қазақтілді ортаны алдауды көздеді. Ал оған көмектесетін кімдер? Өздерінің көрермендеріне «Бриллианттарым, роднойларым», т.б. атау қойып, сол сайтты мақтап, мадақтап өз аудиториясына ұсынатын блогерлер бар. Не деген батпан құйрық десеңізші. Жарайды, бұл жарнаманы да дұрыс дейік. Алайда қазір барлығында ұялы телефон бар, тіпті 1-сынып оқитын балада да бар.

Ақшаны кім жақсы көрмейді. Атақты болу, ақшалы болу бала психологиясын бұзбай ма? Балалық шақ адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылады. Бала өз өмірі мен виртуалды өмірді шатастырып алмай ма? Санасы мен ерік күшіне ықпал тигізбей ме? Қазақ блогерлері соны да ойланса екен деймін!

Жаңыл РАХМЕТОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: