Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық зияткерлер Панамада ел намысын қорғайды

28.08.2023, 12:05 210

HALYQLINE.KZ

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте өткен «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатының ұлттық кезеңінде Сыр өңіріндегі NIS оқушылары үш жүлделі орынды иеленді.

«Future Engineers» санатында сайысқа түскен 10-сынып оқушылары Нұрдәулет Әділбек пен Ернұр Сәду автономды көліктер құрастырып, оларды сынамадан өткізді. Нәтижесінде, бір командаға ғана есеп жіберіп, күмістен медаль тақты. Негізгі жоғары санатында үздік шыққан 11-сынып білім алушылары Максим Усольцев пен Дінмұхаммед Абдиев те ІІ орынмен марапатталды. Сыр елінің қос командасы да  роботтар олимпиадасының қараша айында өтетін ақтық кезеңіне жолдама ұтып алды.

10-сынып оқушылары Амина Омарова мен Жасия Болат шығармашылық сайыста «Prediction of Tsunami» атты жобаларын таныстырып, ІІІ орынды иемденді. Бұл автоматты жүйе табиғат апаты – цунами туралы алдын ала ескертіп, апаттық толқынға қарсы жасанды толқын жасап, қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.  

– Соңғы 20 жылда цунами салдарынан 250 мыңнан астам адам қайтыс болды. Жалпы экономикалық шығын 280 миллиард долларды құрады. Әсіресе, Үнді және Тынық мұхиттарының жағалауларында орналасқан елді-меккендер зардап шегуде. Қазақстанда цунами апаты мүлдем орын алмайтындықтан осы технологиямызды өзге мемлекеттерге экспорттау арқылы экономикамызды біршама жақсартуға болады, – дейді жас өнертапқыштар.

Айта кетейік, өткен жылы да қызылордалық өрендер ұлттық құрамада Германия еліне барып, ел намысын қорғаған болатын. 
Оқушылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне ат салысқан информатика пәнінің мұғалімдері: Серік Ахметов пен Анар Кенесары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: