Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған іс-шаралар бастау алды

07.08.2026, 8:20 28

HALYQLINE.KZ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облысында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық өмірге кеңінен тартуға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Қорқыт ата мемориалды аллеясында өткен жастармен кездесуде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов хабарлады.

Биылғы мерекелік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуі және алда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында өткізіледі. 10-12 тамыз аралығында республика көлемінде «Жастармен бірге!» акциясы ұйымдастырылып, оның басты іс-шарасы Астанадағы «Jastar Fest» республикалық жастар фестивалі болмақ.

Өңірде Абай күніне арналған әдеби кештер, кітап оқу мәдениетін насихаттайтын «Оқы. Ойлан. Өзгер» акциясы, «100 минут оқу» челленджі, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған кездесулер, сондай-ақ экологиялық және волонтерлік акциялар өткізіледі. Сонымен қатар жастарға білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кеңес беретін бірыңғай жастар алаңдары жұмыс істейді.

– Халықаралық жастар күні аясындағы барлық іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін нығайту, кітап оқу мен білімге деген қызығушылығын арттыру, цифрлық құзыреттерін дамыту және қоғамдық бастамаларға кеңінен тарту. Белсенді, білімді әрі жауапты жастар – еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі, — деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық іс-шара қоғамдық-ағартушылық сипатта өткізіліп, жастардың ел дамуына қосатын үлесін арттыруға бағытталады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: