Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімінің жүлдесін «Мәншүк құрамасы» иеленді

20.09.2022, 9:30 314

HALYQLINE.KZ

Қала күні мерекесі аясында Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман фестивалі өтті.

Тартысты өткен сайыста өңіріміздегі командалармен қатар, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Тараз қалаларынан келген жайдарман құрамалары өнер көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы Педагогикалық Жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» командасы жеңімпаз атанып, 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Амазонка» командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Q құрамасы» командасына бұйырды.

Барлық қатысушылар арнайы алғыстармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: