Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президенттік стипендия иегері – Азамат Абимолда

11.11.2021, 17:30 785

HALYQLINE.KZ Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар, – деп дана халқымыз айтқандай, білім – жеңілмейтін қару, қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз іспеттес. Ел президенті өз жолдауында білімді ұрпақтың ел ертеңі үшін маңызын баса айтып, сол жолда барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырған. Осы мақсатта оқу үлгерімі жоғары, республикалық олимпиада, конкурс жүлдегері атанған, ғылым жолында өз қолтаңбасын қалыптастыруға ниет еткен, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене араласатын студенттерге президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылданды. Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті осы стипендия иегері атанды. Соның ішінде «Журналистика» мамандығының 3-курс студенті Азамат Абимолда да бар.

– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті болу – мен үшін мақтаныш. Университеттің білім алушыларға берер мүмкіндігі көп. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы шетелдегі университеттерде білім алып, қос диплом бағдарламасымен екі жақты маман болып қалыптасуға мүмкіндік бар. Одан қалса, білікті ұстаздардан тәлім алып, үздік білімін үшін президенттік стипендия иегері атануына болады. Ол үшін барлық пәннен «Өте жақсы» бағада оқып, GPA көрсеткіші бойынша жоғары орында болуын талап етіледі. Одан соң, шығармашалығым сараланды. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім, мақалалар, ғылыми жобаларымды қарап, бірнеше студент ішінен тек лайықты деген жанға бұйырды. Бұл стипендия менің мақсаттарымның әрі қарай айқындалуына жол ашып, білімге деген құштарлығымды одан әрі оятты десем де болады, – дейді Азамат Саматұлы.

Білімі арқылы қатарластарына үлгі көрсетіп отырған Азамат – бүгінде респубикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газетінің және Halyqline.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Болашақта қаламы қарымды, елі үшін аянбай еңбек етер журналист болу үшін, бүгіннен тәжірибе жинап бастапты. Адал еңбекпен мақсатқа жетуді қалайтын Азаматтан жақсы маман шығарыңа сенімдіміз.

Құндыз ӘБУТӘЛІПОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 3-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: