Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу кезеңі басталды

07.02.2024, 9:35 104

Құрметті жастар!

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ын хабарлаймыз.

Өңірлік резервке іріктеуге қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін rezerv.gov.kz сілтемесі арқылы өтіп, онлайн-платформада тіркелу қажет. Ол үшін онлайн – платформаға Өзіңіздің жеке куәлігіңіздің немесе паспортыңыздың көшірмесін, бiлiмiміңіз туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi мен осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішіңізді жүктейсіз.

Сондай-ақ, қатысуға ниет білдірген кандидаттар еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік резервке кандидаттың толтырылған қызметтік тізімін;

Егер де, құжаттарды тапсыру сәтінде жұмыссыз болып табылатын кандидаттар соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;

Сонымен қатар, үміткердің өтініш берген кездегі жасына сәйкес келетін және бет әлпеті бейтарап ашық фонда толық бетке қатаң орындалған түрлі-түсті фотосуретін жүктеуі керек.

Азаматтар осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсына алады.
Әрі қарай келесі кезеңдер арқылы конкурсқа қатысатын боласыз.

Іріктеу 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең үміткерлердің құжаттарын қабылдау кезеңі үстіміздегі жылғы наурыз айының 1 мен 31 аралығында өткізіледі.

2-кезең тестілеу кезеңі. Бұл кезеңде үміткер офлайн форматында өткізілетін тестілеу жүйесі арқылы іріктеледі. Тестілеу кезеңі 2 турдан тұрады. Заңнаманы білу туры 6-7 сәуір күндері өткізілсе, жеке қасиеттерін бағалау туры 13-14 сәуір күндері өтеді.

3-кезеңде, «Құзыреттіліктерді бағалау» кезеңінде үміткерлерді Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында. 22 сәуір мен 7 маусым аралығында сарапшлылармен әңгімелесу түрінде өтетін болады.

4-кезең 13-15 маусым аралығында «Өңірлік комиссияларда құрылымдық сұхбат» кезеңі өтеді. Бұл кезеңде үміткер таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентация арқылы 5 минут ішінде қорғауы тиіс.

Ал 5-кезеңде, Өңірлік комиссиялардың отырыстарында өңірлік резервке алуға кандидатураларды қарау 17 маусым күні болады. Комиссия кандидаттарды бағалау парағында келесі өлшемшарттарға сәйкес балл (бес балдық шкала бойынша) қою жолымен бағалайды:

  • аналитика;
  • білім тереңдігі;
  • коммуникативтік дағдылары.
    Құрметті жас достар! Мемлекеттік кадр резервіне өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Біз Сізді күтеміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: