Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды

12.07.2021, 15:45 532

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесе отырып, «Брейн-ринг» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Сайыста «ҚазгерМұнай», «ҚорМұнай» компаниясы, Облыстық жастар денсаулық орталығы, Облыстық медицина орталығы және Қызылорда тарамалық қуат желі компаниясының (КРЭК) командалары бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша Облыстық жастар денсаулық орталығы жеңімпаз атанса, екінші орынға Облыстық медицина орталығы тұрақтады. Ал «ҚорМұнай» компаниясының командасы 3-орынды қанағат тұтты.

Интеллектуалды сайыста үздік деп танылған жастарға арнайы марапаттау қағазымен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облыстық жастар
ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: