Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

InnoFest – 24 сағатта өміріңді өзгерт!

14.12.2022, 10:40 444

Өңіріміздің ең ауқымды IT шарасы қайта оралды.
Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, Қызылорда облысы «Aқпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен облыстық InnoFest фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында қатысушылар өз идеясын 24 сағаттың ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

InnoFest жүлде қоры 3 000 000 теңге.

Фестиваль секциялары:

  • Smart city
  • Контент & медиа
  • Кино & видео

InnoFest фестивалінде мықты спикерлер, табысты it мамандар мен танымал контентмейкерлер қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісетін болады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білім грантын иеленуге таптырмас мүмкіндік болады.

Фестивальге тіркелу & толық ақпарат: www.innofest.kz сайтында және Smart Qyzylorda мобильді қосымшасында.

Құрметті Қызылордалықтар, сіздерді 17-18.12.2022 күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында күтеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: