Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

25 жастағы қазақстандық Google компаниясында жұмыс істейді

24.08.2022, 11:15 673

HALYQLINE.KZ Информатикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері ақтаулық Бекжан Бекболатұлы Лондондағы Google компаниясына бағдарламашы (программист) ретінде жұмысқа шақырылды. Бұл туралы mangystauzhastary.kz сайты хабарлады. 25 жастағы Бекжан – Маңғыстау қазақ-түрік лицейінің түлегі. Мектеп кезінен-ақ ол технология және байланыс саласына қызығушылық танытқан.

– Мен өзім Google-ға түйіндеме ұсындым, олар мені сұхбатқа шақырды. Алты сұхбаттан кейін олар маған телефон соғып, шеберлігімді бағалап, жұмысқа қабылдағанын айтты, – дейді ол.

Қазір Бекжан Android операциялық жүйелеріне арналған жаңа алгоритмдер жасайтын топта жұмыс істейді.

– Қазір Android үшін жасанды интеллект әзірлеушісі ретінде жұмысқа қабылданып, қызмет етудемін. Біз Android операциялық жүйесінің өзінде орнатылатын әртүрлі алгоритмдерді әзірлейтін боламыз, – дейді Бекжан.

Бекжанның Google-де жұмыс істегеніне бір айдан аз уақыт болған. 2020 жылы жас бағдарламашы Лондондағы Huawei технологиялар кеңсесінде тағылымдамадан өткен.

Бекжан – 2012 жылғы республикалық олимпиаданың қола жүлдегері және 2013, 2014, 2015 жылдардағы алтын жүлдегер. 2013-2014 жж. Халықаралық Еуразиялық олимпиадада күміс медаль, сонымен қатар Азия-Тынық мұхиты информатика олимпиадасында қола және 2015 жылы Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадада күміс жүлдегер атанған. Ақтау қаласының тумасы Оңтүстік Кореяда UNIST университетінде грантпен екі жыл білім алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: