Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

STEVE JOBS-тың ақырғы сөзі

29.04.2026, 9:15 29

HALYQLINE.KZ

Мен бизнес әлемінің шыңына шығып көрдім. Сырт көзге менің өмірім тек табыстардан ғана тұрды. Жұмыстан тыс өмірдің тәтті дәмін тату деген менің өмірімде көп болмады, сондықтан дүние-мүлік, байлық ғана менің өмірімнің бір бөлшегі болды.

Дәл осы сәтте, дауасыз дертке шалдығып, төсекте жатқан кезімде өткен өмірімді қайта айналдырып ойлап көрсем, өліммен бетпе-бет келетін уақыт жақындаған сайын дүние-мүлкіңмен мақтану дегеннің ешбір құнсыз, мағынасыз нәрсе екендігін түсінудемін.

Біз өмірімізге жететін жеткілікті дүние-мүлік, байлық жинастырып алғаннан кейін, байлықтан басқа нәрселерді армандау керек екендігін енді түсінудемін. Адамдар біздер дүние байлықтан басқа маңызды нәрселерге назар аударуға тиіспіз: мүмкін, бала кезімізде армандайтын нәрселерге, махаббатқа, өнерге.

Жаратушы бізге дүние-боққа адасатын жүректі емес, барлық адамның жүрегінде қалатын махаббатты сезінетін сезім сыйлаған. Өмірде жасап алған байлықты, дүниені біз өзімізбен бірге алып кете алмаймыз. Тек жақсы көретін адамдарымыздың бізге қалдырған қымбат естеліктері ғана көңілде тұрады екен. Тек осы өмірде көрген әрі көрсеткен махаббатың мен қамқорлықтар ғана саған еріп жүреді, ол саған серік болады, әрі сенің алдағы жолыңды жарқырататын жарық, күш-қуатың болмақ. Махаббат мыңдаған шақырымға сапар шегеді.

Өмір шексіз. Қайда барғың келеді, солай бетте. Өзіңнің тілеген мақсатыңа жет. Ол тек сенің өз жүрегіңде және өз қолыңда тұр.

Егер менен «Ең қымбат төсек қандай болады?» деп сұраса, мен «аурухана төсегі» деп жауап берер едім… Өйткені өмірде сен өзіңнің атыңнан көлігіңді мініп барар жеріңе жеткізетін адамды жалдап алуға болады, сенің орныңа жұмыс істеп саған көп ақша жасап беретін адамды да жалдауға болады, бірақ сен ешқашан өз орныңа ауру жұқтырып, ауруханаға жататын адамды жалдай алмайсың.

Материалдық байлықты қайдан да тауып алуға болады. Бірақ бір нәрсені жоғалтқаннан кейін сен оны қайта таба алмайсың, ол – «Өмір!».

Ота бөлмесіне кіруді тосып жатқан кезде сен бір ғана нәрсеге өкінетін боласың, ол оқып бітірмеген «Дені сау өмір сүру туралы» деген кітап болмақ. Мен оны неге оқымадым, неге қолданбадым деп қатты өкініп жатырмын.

Өмірдің қай кезеңінде өмір сүріп жатқаныңа қарамастан біздің өміріміздің пердесі бір күні жабылады. Отбасыңды сүй, дос-жарандарыңды құрметте, сүй! Денсаулығыңды күт, басқаларды сыйла, мейіріміңді аяма!..

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: