Жаңақорған кентінде орналасқан Теріскен көлі – табиғи минералдарға бай тұзды көлімен ерекшеленетін көрікті мекен.
Көлдің тұзды суы мен табиғи емдік балшығы шипажайларда сауықтыру мақсатында қолданылып келеді. Ол буын мен омыртқа сырқаттары, бұлшықет аурулары, тері мәселелері, жүйке жүйесінің шаршауы және жалпы ағзаны қалпына келтіру бағытындағы емдік-сауықтыру бағдарламаларында пайдаланылады.
Сонымен қатар, Теріскен – аққу қонып, қаз ұшатын, табиғаттың ерекше тыныштығы мен сұлулығын сақтаған мекен. Мұнда келген әрбір жан таза ауамен тыныстап, табиғаттың ғажайып көрінісінен ерекше әсер алады.
Теріскен көлі – табиғаттың сыйы, денсаулықтың бастауы.
Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!