Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейден вирусологтар келеді

30.06.2020, 17:20 371

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. «CОVID-19»-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді.

Елде коронавирус дерті жаппай тарала бастаған тұста Қытай елінен де мамандар алдырған еді. Бұл туралы Қытайдан дәрігерлер келді деген тақырыппен жазған едік.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: