Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада медициналық ұйымдар 21 млн 784 мың теңгеден астам айыппұл өндірді

17.07.2026, 12:01 52


ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті процедуралық, стоматологиялық кабинеттер мен медициналық ұйымдарды тексерді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсетуге арналған бюджет қаражатын, қор активтерін, стоматологиялық көмек бойынша БЖЗҚ аясында халыққа медициналық қызмет көрсетуге арналған бюджет қаражатын пайдалану мен жұмсау заңдылығы ескерілді.

  • Нәтижесінде 155 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 21 млн 784 мың теңгеден астам айыппұл салынып, толық өндірілді. Өткен жылы облыстық полиция департаментінен «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 32 іс материалы түскен. Тексеру арқылы құны 2 млн 265 мың теңгеге жуық 7 әкімшілік іс қозғалды. Қалған істер құжаттың жеткіліксіз болуына байланысты күшті әсер ететін, есірткі, психотропты, прекурсорларға жататын дәрілік заттар болмағандықтан қайтарылды, — деді департамент басшысы Жанерке Жақсылық.

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Ондағы мақсат – дәрі-дәрмектің өндірушіден пациентке дейінгі жолын қадағалау. Әрбір дәрілік заттың қаптамасында Data Matrix коды қолданылады. Таңбаланғаны тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, қадағаланады.

  • Ақпараттық жүйенің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында 8 955 682 қаптама дәрілік зат кірістелген. 6 817 393 қаптама дәрілік зат айналымнан шығарылған. Бұл — жалпы көрсеткіштің 76,2%-ы, — деді департамент басшысы.

Еске салайық, жүйе іске қосылған алғашқы айдың өзінде 10,2 миллионнан астам қаптама таңбаланса, 2024 жылдың соңына қарай ай сайынғы көлем бес есеге жуық өсіп, желтоқсан айында 49 миллион қаптамаға жетті.


Коллаж: Kazinform/Canva

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: