Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?

31.03.2021, 15:20 402

HALYQLINE.KZ

🔻2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанда коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды

🔻23 наурызда науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады.

🔻9 мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды.

🔻15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

🔻Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады.

🔻Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazCovid-in вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды.

🔻17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты.

🔻17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты.Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті.

🔻19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды.

🔸Қазіргі уақытта еріктілердің жағдайы қалыпты, жақсы. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды.

Видео https://www.youtube.com/watch?v=iVkmJCFrP4I

🔸ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Талған Нұрғожин QazCovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: