Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда маска режимі қайта енгізілуі мүмкін

30.06.2022, 11:30 240

HALYQLINE.KZ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов парламент кулуарында «Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейсе, карантин енгізіле ме?» деген сауалға жауап берді.

«Әзірге жағдай күрделі емес. Алайда науқастар (саны – ред.) көбейетін болса, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін», – дейді Ералы Тоғжанов.

Ол мұндай шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайтынын еске салды.

«Қазір инфекцияны жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр. Карантиндік шараларды күшейту мәселелерін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Ол жерде тек маска тағу мәселесі ғана емес, жалпы карантиндік шаралар туралы сөз болмақ», – дейді ол.

Осы орайда вице-премьер қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығын тағы да жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: