Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылықтар спортқа сергек қарайды

06.12.2021, 9:15 291

HALYQLINE.KZ

«Тәні саудың – жаны сау». Қазалы жұртшылығы бұл қағиданы берік ұстанады. Оған аудан спортшыларының арасынан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, өзге де айтулы жарыстардың жеңімпаздары шығуы анық дәлел болады. Жоғары жетістікке жету үшін спортшының шеберлігі, жан-жақтылығына қоса жаттығуға қолайлы зал тағы басқа да жағдайлар жасалуы қажеттілігі мәлім. Ал Қазалы өңірі мұндай талаптарға да құралақан емес. Шалғай ауылдың өзіндегі секцияның бірнеше түрін қамтыған еңселі спорт кешені сөзіміздің дәлелі. Мұның өзі ел ағаларының спорт саласына бейжай қарамайтынын аңғартады. Жуырда Қазалыда тағы да игілікті қадам жасалды.

– Әйтеке би кентінде қос бірдей спорт алаңының құрылысы басталды. Оның бірі – аудан орталығындағы «Достық» шағын ауданында, екіншісі 5-ші квартал аймағындағы С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің ауласына салынып жатыр. Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда «Болашақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті, – дейді Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.

«5-ші квартал аймағындағы спорт алаңының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, «Достық» шағын ауданындағы Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі ауласындағы спорт алаңының құрылысы келесі жылға өтпелі» дейді қолдағы деректе.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: