Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қанша қызылордалық екпе салдырды?

06.04.2021, 16:00 216 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында ақпан айынан бері 7119 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Өңірге сәуір айында тағы 12 мың доза вакцина келді. Жалпы шілде айына дейін 80 мың доза әкелінеді деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

Облыста коронавирус инфекциясына қарсы екпе 1 ақпан – 4 сәуір аралығында І компонентте 7119 адамға салынса, ІІ компонентте 2623 адамға егілді. Вакцина салдырған адамдардың 3377-і – медицина қызметкері, 1610-ы – мұғалім, 1290-ы – полиция қызметкері, 255-і – әлеуметтік, 270-і мемлекеттік қызметкер және 285-і басқа да сала өкілі.

– Вакцинациялау жұмыстары №1, 3, 4, 5, 6 қалалық емханада, барлық аудандарда және Байқоңыр қаласында жүргізілуде. Вакциналау жұмыстарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 14 егу кабинеті дайындалған. Барлық екпе талапқа сай, температуралық режимді қадағалайтын арнайы машинамен халық санына байланысты екпе егу орындарына жеткізілуде. Әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын, – деді Сәбит Пазилов.

Айта кетейік, екпе салатын медицина қызметкерлері жеткілікті. Емханаларда кезекті болдырмау жолы да қарастырылуда. Мәселен, екпені ерікті түрде салуға ұсыныс берген мекемелерге дәрігерлер барып, вакцина салып беруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: