Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пандемия 2022 жылы аяқталады»

05.03.2021, 16:40 532

HALYQLINE.KZ Коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Алайда, бұл коронавирус жойылады деген сөз емес.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) еуропалық өңірлік бюро директоры Ханс Клюге Die Welt газетіне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды «Айқын» ақпараттық порталы.

«2021 жылы коронавируспен бірге өмір сүреміз. Бірақ әлдеқайда жеңіл болады. 2020 жыл – Terra incognita, ғылыми және саяси белгісіздік болды. Бір жыл уақыт өтті. Біз көп нәрседен хабардар болдық. Құралдар, диагностикалық бағдарламалар, вакцина пайда болды. Менің жұмысымда алдын ала жоспарлау маңызды. Сондықтан мен 2022 жылдың басында пандемия аяқталады дегенге сенемін. Бұл вирус жойылады дегенді білдірмейді»,– деді Клюге «Welt» басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Клюге елдер шектеуді қашан және қалай алып тастайтыны өте маңызды екенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: