Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мутацияланған вирусқа қарсы вакцина бар

01.04.2021, 9:40 529

HALYQLINE.KZ «QazCovid-in» – тұтас вирионнан жасалатын инактивтелген вакцина. Оның құрамында вирустың барлық белоктарының спектрі сақталған. Сондықтан қалыптасқан иммунитет бүкіл мутацияланған штаммдарға қарсы төтеп бере алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімеді.

Вакцинаның 1-ші және 2-ші клиникалық зерттеулерінің нәтижесінде оның иммунитет сақтау көрсеткіші 96 % құрады. 


– Айта кетерлік жайт, 1-ші фазадан кейін вакцинаның тиімділігі 100 % болса, 2-ші фазада 96% құрады, сынаққа қатысқан адам саны неғұрлым көп болса, оның тиімділігінің көрсеткіші соғұрлым төмендеуі мүмкін. Сондықтан үшінші фазаның соңында бұл көрсеткіш төмендеуі ықтимал, – деді Күнсұлу Закарья.
Бүгінгі күні вакцинаның алғашқы партиясы дайын. Егер сәуір айының соңында ДСМ рұқсатын берсе, вакцина «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: