Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екпе ектірушілер көп

25.10.2021, 9:45 277

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні аймағымыз коронавирус індетін жұқтыру матрицасы бойынша «Сары» аймақтан бой көрсетіп тұр. Дегенмен, әлде де қауіпті кеселдің тырнағына іліккендердің қатары артуда. Осы орайда медицина мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Қазір жерлестеріміздің 75 пайыздан астамы вакцинаның алғашқы компонентін қабылдаған. Менде екпе алған мамандардың бірімін. Жұмыс барысымен көптеген адамдармен кездесіп, араласамыз. Коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сол себепті өзімізді қорғап, айналамызға қауіпсіз болуымыз керек. Осы орайда барлық жерлестерімді вакцина салдыруға шақырғым келеді»,- деді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Динара Зауытбекова

Соңғы бір жарым жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келе жатыр. Қолға алынған шараларға қарамастан, бұл дертті түбегейлі жою әлі де мүмкін болмай отыр. Сол себепті әр азамат өзінің денсаулығы мен өміріне жауапкершілікті сезініп, мамандар кеңесіне құлақ асуы тиіс. Бүгінде облыс тұрғындарының арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Әрине, бұл – қуантарлық жағдай. Дегенмен жасыл аймаққа еніп, бұрынғы өмірімізге қайта оралу өз қолымызда», – деді №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: