Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрігер: «Балалар коронавирусты жеңіл өткізеді»

20.07.2020, 17:20 588

HALYQLINE.KZ «Балалар ауруды жұқтырып алмау үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, гигиена нормаларын сақтау қажет», – дейді Тамара Утағанова

«Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова балалар коронавирустың жеңіл түріне шалдығатынын айтты, алайда барлық норманы сақтау қажет» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар ауруды айтарлықтай жеңіл өткізеді. Алайда бұл уайымдамау қажет деген сөз емес. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, гигиена нормаларын сақтау қажет», – деді Утағанова.

Сонымен қатар маман медициналық бетпердені қалай тағу керек екеніне тоқталды.

«Адамдар бетперденің көп түрін қолданады. Дәріханада сатылатын бетперде зауытта тігілген, ол үш қабатты болады. Сондықтан олардың қорғанысы жоғары. Ал үйде жасалған бетперденің сапасы материалына байланысты», – деді дәрігер.

Айтуынша, дәріханадан алған бетпердені әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

«Көп адам өз үйінде тіккен бетпердені пайдаланып жүр. Кейде оны шешіп, қалтасына салып, оны қайта тағып жатады. Олай істеуге болмайды. Бетперденің тазалығы да маңызды, аурудан сақтайтын да сол», – деді инфекционист.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: