Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауруды емдеуге қарағанда, алдын алу оңай

12.02.2024, 9:50 240

Фото: dknews.kz

Жыл сайын 4 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жүргізіледі. Мақсаты – онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мәселелер бойынша медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру, сонымен қатар тегін скринингтік тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі туралы халықты хабардар ету.

Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпыатауы. Соның ішінде ауру түрлерімен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбіне ем аурудың қайсатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілумен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай. Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасын далелдеп зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдениет-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған.

Обыр ауруының үлесі:

тамақтану сипатының 30-35%, темекі тартатындардың 30%, жұқпалы (вирустық) агенттердің 17%, алкогольдің 4%, қоршаған ортаның ластануының 2% және ауыр тұқым қуалау салдарының 2%-ынан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын алу негіздерін, жалқаулықпен қолтимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Қатерлі ісіктердің даму қаупін төмендету үшін өте қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтау қажет, біріншіден белсенді өмір салтын жүргізу және үнемі қозғалу белсенділігімен айналысу, күн сайын жеткілікті мөлшерде көкөністер мен жемістерді пайдалану, дене салмағын бақылау, темекі шегуден, алкогольді ішімдіктерден бас тарту және үнемі профилактикалық тексеруден өту қажет!

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын алу оңай!

Алима АБДУШУКУРОВА,

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологогиялық

бақылау басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: