Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан бала туудан рекорд орнатты

27.02.2021, 15:00 999

HALYQLINE.KZ Елімімізде карантин кезінде  туу көрсеткіші артып, отыз жыл бұрынғы рекорд жаңартылды.

Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың оң мәліметтерін таратты.  Дерекке сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда 425,6 мың бала дүниеге келді. Мамандар 1987 жылғы бала туу көрсеткіші 417,1 мыңға жетіп, рекордтық көрсеткіш болғанын хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қалалық жерлерде туғандар саны 248,7 мыңға жетсе, ауылдық жерлерде 176,9 мың нәресте туған. ⠀

Туу көрсеткіші еліміздің алты аймағында артқан: Түркістанда (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматыда (8,3%), Шымкентте (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) және Жамбыл облысы (6,9%). ⠀

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: