Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

18.10.2021, 17:15 952

Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

2021 жылдың 19 қазан күні сағат 21.00-ден бастап 20 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарының және Тубдиспансердің ауыз су жүйелеріне жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарында 2021 жылы 19 қазан күні сағат 21.00-ден 20 қазан күні сағат 02.00-ге дейін ауыз судың қысымы уақытша төмендетіледі.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2021 жылы 20 қазан күні сағат 06.00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет.

Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлер иелерінің кооперативтері мен көпқабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелерге өжіре ішіндегі таратушы ауыз су құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберулеріңізді ескертеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: