Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеңіл несиені қалай алуға болады?

05.01.2023, 11:50 713

HALYQLINE.KZ Бұл әлеуметтік желілерде жиі қойылатын сұрақ. “Даму” қоры арқылы жүзеге асыратын барлық бағдарламалар шарты жариялы, ғаламтордан да табуға болады.

Damu.kz ресми сайтында да бар. Дегенмен, жеңіл несиеге барар жолдың алғашқы қадамдарын талдап жазар болсақ:

✅Қор жеке тұлғалармен жұмыс істемейді. Қордың миссиясы – микро/шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

✅Тіркеген жеке кәсіпкерлік нысаныңыз кемінде 6 ай жұмыс істеп, салық уақытылы, ашық түрде төленуі керек. Басқа да есептілік құжаттарда мін болмасын.

✅ Есеп айырысу шотын ашатын банк таңдаңыз.

✅ Несие алу үшін өтінім бергенде жобаңызды сауатты жасап, оны қорғау маңызды. Онда барлық кіріс-шығын, өзін-өзі қай уақытта ақтап, таза пайда түсе бастайтыны айқын көрсетілуі тиіс.

✅ Бизнесіңізге қай мемлекеттік бағдарлама ыңғайлы екенін анықтай алмасаңыз Қордың өзіңіз тұратын өңір орталығындағы филиалға келіңіз. Менеджерлер көмектеседі. Филиалдар мекенжайын damu.kz сайтының бас бетінен табасыз.

✅ Банктен сіз несие сұрасаңыз, олар сізден кепілдік сұрайтынына да дайын болыңыз. Оған мүлік, көлік, құнды қағаздар немесе депозит жарайды.

Ең бастысы – ұсынатын кепілдігіңіз сұратқан сомаңыздың біраз бөлігін болса да жабатын болуы шарт. Кепілдігіңіз жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 50 немесе 85 пайызына тең келетін кепілдік ұсынатынын біліңіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: