Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайлық компания жел электр стансасын салуға ниетті

22.01.2024, 22:20 655

Бүгін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары қытайлық «Чайна Пауэр Ньюклиэйр Инжиниринг Лимитед» президенті Сун Чжицзе мырза (зум байланыс арқылы қосылды) бастаған компания өкілдерімен кездесті. Шетелдік компания жел электр стансасының құрылысы жобасын өңірде жүзеге асыруға ниетті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, инвестиция қажет ететін жобаларды атап өтті. Сонымен қатар, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин өңірдің күн және жел электр энергияларын өндіруге бағытталған жобаларды іске асыруға климаты қолайлы, аймақта жиынтық қуаттылығы 89 мегаватты құрайтын 9 күн электр станциялары жұмыс жасайтынын атап өтті. Мұнан бөлек, бұл саладағы жобалар энергетика министрілігімен жарияланатын аукцион арқылы өтетінін және сол органмен пысықтау қажет екендігін айтты.

Оған қоса, аймақта дәстүрлі энергия көздерін де дамыту мақсатында «Aksa energy» түрік компаниясы Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт қазіргі заманғы жылу беру электр стансасын салу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Алдағы уақытта электр стансасының қуаты өңірдің сұранысын толық қанағаттандыруға жетеді.

Осының нәтижесінде Қызылорда облысы электр энергиясын импорттаушы аймақтан экспорттаушыға айналады.
Кездесу барысында инвесторларға мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: