Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Qazindustry» Қызылорда облысының бизнес-қауымдастығының өкілдерімен кездсеті

23.02.2023, 10:05 607

«QazIndustry» акционерлік қоғамы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың шаралары мен негізгі тетіктерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Бүгін жұмыс сапары аясында Qazindustry өкілдері семинар өткізді, оған облыстың жиырма бес кәсіпкері қатысты. Аталған семинардың мақсаты – еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.

«QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев қатысушыларға өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тәртібін түсіндірді.Семинар барысында «QazIndustry» АҚ дирекциясының орынбасары Айнұр Байқадамова қатысушыларды өнеркәсіпті ынталандыру шаралары туралы хабардар етті, шығындарды өтеуге өтінімдерді қалыптастыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер туралы айтты.

Айта кету керек, «Qazindustry» акционерлік қоғамы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда.

QazIndustry өкілдері «Смарт Раббер» ЖШС, «НефтьПромСнаб» ЖШС, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС және т.б. облысымызда шығарылатын өнімдерді өндіру технологиясымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: