Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нариман Абжанов: «Өнімнің 70 пайызын экспорттап жатырмыз»

20.12.2023, 19:15 1483

Қызылордалық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының арнайы жүлдесіне ие болды. Оның қатарында «Ассоль» йодталған ас тұзын өндіретін компания «Алтын Орда» ЖШС «Ұлы дала елі» конкурсының жеңімпазы атанды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өз жетістігі жайында компания директоры Нариман Абжанов айтты.

– Біз 2016 жылдан бастап йодталған ас тұзын өндіреміз. Бүгінгі күні компанияда 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жақында Елордаға барып, жеңімпаз атанып, компаниямыздың мерейі өсті. Сайыстың мақсаты – кәсіпкерлерді шыңдау, олардың жетістіктеріне қолдау көрсету. Қазіргі таңда, өнімнің 70 пайызын экспортқа жіберудеміз. Мәселен, Ресей, Беларусь, Латвия, Литва, Грузия, Моңғолстан және Қырғызстан елінде өніміміз танымалдылыққа ие болуда. Жоспарымыз – өнімнің көлемін көбейту, – деді Нариман Абжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: