Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет берген мүмкіндікті мүлт жібермеу керек

26.08.2022, 15:15 352

HALYQLINE.KZ  Қызылордалық Мақсұт Бекжанов кәсіпкерлікті 2001 жылы жұбайымен бірге азық-түлік өнімдерін сатудан бастаған. Ал 2009 жылы әйелдер мен ерлерге арналған киім дүкенін ашты.

Кәсіп иесі айналым қаражатын толықтыру үшін 2021 жылы «Forte Bank»-тен несие алған. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры несиені ішінара субсидиялап, кәсіпкер қарызды 6 пайыз мөлшерлемемен төлейді.

– Біз кәсіпкерлер, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қолдауды сезініп отырмыз. Бұл бізге кәсіпті дамытуда алға қарай тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді. Киімге деген қажеттілік болған және бола береді. «Plaza RAY» дүкенінде әлемнің танымал брендтерінің, сондай-ақ отандық өндірістің киімдері ұсынылған. Барлық заттар жоғары сапалы және сән индустриясының талаптарына сәйкес келеді. Мұнда үйлену тойы, салтанатты кеш, туған күн, жұмысқа немесе күнделікті киетін кез-келген киімді табуға болады,- дейді кәсіпкер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: